ІІМ Қарағанды академиясында қызмет орындары бойынша төртінші курс курсанттарын дербес бөлу өтті
Жексенбі, 27 Қараша 2022
Іс-шараға Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Марат Қожаев қатысты. Кеңеске Қазақстанның барлық өңірлерінің полиция департаменттерінің кадр және тергеу бөлімшелерінің басшылары қосылды.
Биыл 211 адам — 133 ұл және 78 қыз бөлінуге жатады. 164 адам «ІІО-дағы сотқа дейінгі тергеу» мамандығы бойынша, 47 адам «ІІО-ның жедел-криминалистикалық қызметі» мамандығы бойынша диплом алады.
Олардың көпшілігі талапкер ретінде жіберілген бөлімшелерге бағытталды. Курсанттардың бір бөлігі комиссияның шешімі бойынша білікті кадрлардың тапшылығы сезілетін өңірлерге жіберілді.
Айта кету керек, оқу үздіктеріне жұмыс істейтін аймақты таңдау мүмкіндігі берілді. 12 адам болашақ қызмет орнын өз еркімен таңдады.
Біз курсанттарға алдағы өтетін тәжірибеде табыс тілейміз, оқуды сәтті аяқтап, қызметтеріне сәттілік тілейміз!