ІІМ Қарағанды академиясының қызметкерлері мен білім алушыларына «Е-заң көмегі» пилоттық жобасын енгізу туралы айтылды.
Дүйсенбі, 21 Маусым 2021
18 маусым күні Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Қарағанды облысы Әділет департаментінің өкілдері Г. С. Әбдібаевпен және А. К. Оспанмен оффлайн кездесу өткізді. Кездесуге Академияның ғылыми-педагогикалық құрамы мен білім алушылары қатысты. Спикерлер өз сөздерінде онлайн-режимде халыққа заңгерлік кеңес беруге мүмкіндік беретін пилоттық жоба – «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесінің артықшылықтары туралы айтты. Сонымен қатар, қонақтар басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне азаматтардың қатысуын реттейтін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің негізгі ережелерін, әкімшілік органның жоғары тұрған органында және сотта дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілеу болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.