к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Абай атындағы ҚазҰПУ, Сорбонна-Қазақстан институтының платформасы негізінде ұйымдастырылған «Цифрландыру дәуіріндегі құқық» қазақстан-француз форумына қатысты.

Дүйсенбі, 21 Маусым 2021

ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Абай атындағы ҚазҰПУ, Сорбонна-Қазақстан институтының платформасы негізінде ұйымдастырылған «Цифрландыру дәуіріндегі құқық» қазақстан-француз форумына қатысты. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, еліміздің құқық қорғау ведомстволарының басшылары, цифрландыру және қазіргі заманғы технологиялар саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар, алыс және жақын шет елдердің ғалымдары, қазақстандық ғылым және педагогика элитасы қатысты. Форум workshop форматында өтті және 5 бағытқа бөлінді: – «Қазіргі қоғамды цифрландыру жағдайындағы әкімшілік құқық және конституциялық құқық». Мұнда жария деректердің халықаралық және отандық практикасы, жеке ақпаратты Конституциялық қорғау, цифрландырудың Әкімшілік акт теориясына әсері қаралды. – «Сыбайлас жемқорлық пен киберқылмыспен күресте цифрлық технологияларды пайдалану». Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабардар болуды арттыру үшін ААА құралдарын әзірлеу тәжірибесі зерделенді, Қазақстанда қоғамды қорғауда және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда заңдық цифрлық технологиялардың тиімділігі талқыланды. – «Цифрландырудың полиция қызметіне және қылмыстық сот өндірісіне әсері». Бұл workshop-та негізгі тақырыптан басқа қылмыстық құқық саласында цифрлық деректерді пайдалану мен алмасудағы еуропалық елдердің тәжірибесі зерделенді, қылмыстық сот төрелігі мен сот ісін жүргізуде пайдаланылатын қазақстандық цифрлық технологиялар қаралды. – Салық салу және цифрландыру. Мұнда салықтық бақылау, салықтық әкімшілендіру және дербес деректерді пайдалану мәселелері талқыланды. – «Цифрландыру дәуіріндегі құқықтық білім», оның ішінде ALPHARABIUS платформасындағы құқықтық білім». Сонымен қатар, форумда криптовалюталар, азаматтардың киберкеңістіктегі пікір бостандығына құқығын трансформациялау, қазіргі заманғы IT технологиялар дәуірінде балалар мен жастарды қорғаудың халықаралық-құқықтық аспектілері, білім беруді цифрландыру, ІІО қызметкерлерін киберқылмысқа және цифрлық технологиялар саласындағы басқа да қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша даярлауды жетілдіру тақырыптары қозғалды. Қарағанды академиясы тергеушілер мен криминалистерді даярлауды жүзеге асырады, онда ІІО-ның болашақ қызметкерлеріне СДТБТ, Е-қылмыстық іс және басқа да заманауи цифрлық шешімдер сияқты цифрлық өнімдермен жұмыс істеу дағдылары үйретіледі.

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ