к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы алғашқы дайындық тыңдаушыларының салтанатты түрде оқуды аяқтау рәсімін өткізді

Сейсенбі, 6 Шілде 2021

Бүгін академияда 2021 жылғы 18 қаңтар мен 3 шілде аралығында бастапқы кәсіптік даярлық бағдарламасы бойынша оқудан өткен тыңдаушылары оқуларын тәмәмдады.

6 ай бойы қазіргі түлектер ІІО-да іс жүргізудің негіздерін, қылмыстарды тергеу және ашу әдістемесінің негіздерін, криминалистикалық пәндерді, полиция қызметкерлері практикалық қызметінде пайдаланатын арнайы цифрлық технологияларды зерттеді.

Оқу барысында жас тергеушілер мен криминалистерден арнайы пәндер бойынша негізгі кәсіби құзыреттер қалыптасты, табельдік қаруды, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін қолдануда практикалық дағдылар алып, ішкі істер органдары қызметінің озық тәжірибесін игерді.

Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Е.Т. Әбеуов салтанатты рәсімде курсты сәтті өткені туралы сертификатты табыс табыс етті. Ол түлектерді кәсіби өміріндегі маңызды күнмен құттықтап, әрі қарай қызметтерін атқаруда табыс тіледі.

Ерекше көзге түскен тыңдаушыларға грамоталар мен алғыс хаттарды тапсырумен және түлектердің салтанатты маршымен салтанатты рәсім аяқталды.

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ