к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

ІІМ Қарағанды академиясында республикалық слет өтті, оның қорытындысы бойынша тергеу бөлімшелерінің үздік тергеушілері анықталды

Сенбі, 23 Желтоқсан 2023

ІІМ Қарағанды академиясында республикалық слет өтті, оның қорытындысы бойынша тергеу бөлімшелерінің үздік тергеушілері анықталды, сондай-ақ бітіру курсының үздік курсанттары анықталды!

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Шадетханұлы Қожаев қатысты, ол полиция қызметкерлеріне таңдаған ісіне адалдығы үшін алғыс айтып, жұмыста табыс тіледі.

Конкурс қорытындысы бойынша жалпы есепте үздік нәтиже көрсетіп, бірінші болып полиция аға лейтенанты Елдар Нұралин атанды. Ресей Федерациясы ІІМ Омбы академиясын бітірген, көліктегі полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушісі болып жұмыс істейді.

Екінші орынды Түркістан облысы ПД тергеу басқармасының тергеушісі, полиция аға лейтенанты Ерасыл Намазбаев иеленді, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясын бітірген.

Үшінші орынды полиция капитаны Атырау қаласы полиция басқармасының аға тергеушісі Есімжан Бисенов иеленді, ІІМ Қарағанды академиясын бітірген.

«ІІО-дағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру» мамандығы бойынша теориялық білім мен практикалық дағдылары мен білімдерін жоғары деңгейде көрсеткен 4 курс курсанттары арасындағы конкурс нәтижелері бойынша Жанатбай Санжар мен Ахметова Дана, «ІІО жедел-криминалистикалық қызметі» мамандығы бойынша Қанатбай Шолпан мен Идиятуллина Регина иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз, одан әрі жеңістер тілейміз!

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ