ІІМ Тергеу ведомствосының басшысы Қарағанды академиясының түлектеріне диплом табыстады
Сенбі, 26 Маусым 2021
2021 жылғы 25 Маусымда ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы, полиция полковнигі Әділов Санжар болашақ тергеушілер мен криминалистерге жоғары білім туралы дипломдарын табыс етті.
Салтанатты рәсім оқу орнының саптық алаңында барлық жеке құрам мен білім алушылардың қатысуымен өтті.
Түлектерге арнаған сөзінде тергеу ведомствосының басшысы академия қабырғасында алған білімді практикада сауатты қолданудың маңыздылығын еске салып, жас қызметкерлердің өз Отанына адал қызмет етіп, ішкі істер органдарының офицері атағын лайықты алып жүретініне сенім білдірді.
Салтанатты шараға 2008 жылы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Академия курсанты Рүстем Ембаевтың анасы Үміт Қамиқызы қатысты. Үміт Камиевна түлектерді аналық лебізімен құттықтап, ЖОО-ның барлық білім алушыларына олардың қызмет барысында өмірлеріне қауіп төндірмеуін тіледі.
Рәсім Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының үрмелі оркестрінің сүйемелдеуімен орындалған салтанатты маршпен және Ембаев Рүстемді еске алуға шырша отырғызумен аяқталды.