к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Интернет кеңістігінде жасалған қылмыстар біздің азаматтар үшін шынайы проблемаға айналды

Жұма, 22 Қазан 2021

Интернет кеңістігінде жасалған қылмыстар біздің азаматтар үшін шынайы проблемаға айналды. Аталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың көрсеткіштері жылдан жылға артып келеді.

Ағымдағы жылдың 20 қазанында аталған мәселені талқылау мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының ғылыми-зерттеу институты базасында «Үшінші тұлғалардың дербес деректерін және ақпараттық жүйелерді пайдаланумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау және тергеп-тексеру проблемалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында отандық және шетелдік ғалымдар, ІІО аумақтық бөлімшелерінің практикалық қызметкерлері және прокуратура өкілдері жеке деректерді алудың негізгі әдісі ретінде тінтуді өткізумен; электрондық ақша қаражатына қатысты жасалған ұрлықтарды саралаумен; дербес деректерді заңсыз пайдалануды қылмыстық-құқықтық бағалаумен; ұлттық бейнемониторинг жүйесін қолдану жағдайында жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығымен; дербес деректермен заңсыз іс-әрекеттер жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтың негізімен; Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық туралы қылмыстық заңнамасының қалыптасуымен және т.б. байланысты мәселелерді талқылады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша үшінші тұлғалардың дербес деректерін және ақпараттық жүйелерді пайдаланумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша ұсыныстар дайындау жоспарлануда.

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ