Интернет желісіндегі бала құқықтарын сақтау мен қорғау
Жексенбі, 5 Ақпан 2023
02 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының қабырғасында қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі Интернет желісіндегі бала құқықтарын сақтау мен қорғау мәселелерін талқылау тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара өзінің зерттеу практикасы аясында Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің докторанты полиция капитаны Ж.А.Маликовпен ұйымдастырылды. Өзекті мәселені қозғаған сұхбат барысында жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушылары, кәсіби даярлық және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеттерінің магистранттары мен курсанттары өз пікірлерімен бөлісті.
Сондай-ақ іс-шараға сырттан келген қонақтар да қатысты. Осы жолы қонақтар қатарынан Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушылары мен студенттері табылды. Жарыссөздер соңынан үздік баяндамашылар Академия басшылығының атынан құттықтау грамоталарымен марапатталды.
Жас ғалымдарымыз бен ізденушілеріміздің қаламдары суымасын дей отыра болашақта бұдан да ауқымды іс-шаралардан тек жеңістермен оралуларына тілектеспіз!