Интернетте және әлеуметтік желілерде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері
Бейсенбі, 23 Ақпан 2023
ІІМ Қарағанды академиясының Киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасының бастығы Евгений Шульгин Қазақстан Республикасы ІІМ жедел-криминалистикалық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курсы аясында «Интернетте және әлеуметтік желілерде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері» тақырыбында оқу сабағын өткізді.
Өткізілген сабақ кибергигиенаны сақтау киберқылмыскерлердің қауіпсіздікті бұзуына және жеке деректерді ұрлауына жол бермейді деген қорытындыға келуге мүмкіндік берді, бұл құқық қорғау органдары қызметкерлерінің орындайтын кәсіби міндеттерінің сапасына жағымды әсер етеді.