Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елордалық полиция бөлімшелерін аралады
Сенбі, 2 Сәуір 2022
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елордалық полиция бөлімшелерін аралады. Ішкі істер министрлігінің басшысы Есіл аудандық полиция басқармасының материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен жарақтандыруын тексеріп, қызметкерлердің жұмысымен және қылмыстық процестің үш сатылы моделін енгізу нәтижесімен танысты. Жеке құраммен сөйлесті, олардың арасында Қарағанды академиясының 4 курс курсанты Мұхаммед Аяпбергенов қазір тәжірибеден өтіп жатыр.
Жас тергеушінің курсант екенін білген министр, онымен де сөйлесті.
«Марат Мұратұлы ең алдымен менің оқуыма қызығушылық танытты, – дейді Мұхаммед, – ол біз оқитын пәндер туралы және Қарағанды академиясының киберқылмыс, интернет-алаяқтыққа қатысты оқу процесіне жаңашылдықтарды қалай енгізетінімізді сұрады. Мен министрге қазіргі уақытта менде интернет-алаяқтықпен айналысатын 70 қылмыстық іс барын айттым, мен оларды электронды форматта тергеп жатырмын, сонымен қатар өзіме ыңғайлы болу үшін кәдімгі қағаз форматында да іс жүргізетінімді айттым. Мен процессуалдық іс жүргізудің реттілігін түсіндірдім, атап айтқанда, сайт арқылы алаяқтық схемаларын жүргізген бір күдіктіге қатысты тергеудің барысы туралы айттым».
Министр барлық сұрақтарға жан-жақты жауап алып, Мұхаммедті мақтап, қызметіне үлкен табыс тіледі. Биылғы жазда полиция сержанты Аяпбергенов Академияны бітіріп, Нұр-Сұлтан қаласына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Барімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының дипломымен полиция лейтенанты шенінде оралады.