Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М. Қожаев Қарағанды академиясына жұмыс сапарымен келді
Жексенбі, 27 Қараша 2022
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты Марат Қожаев Қарағанды академиясына жұмыс сапарымен келді.
Күн тәртібінде төртінші курстың курсанттары үшін ең маңызды іс-шара – қызмет орындарына дербес бөлу болды.
Сондай-ақ, Марат Шадетханұлы Академия қабырғасында өткен тергеушілер слетіне қатысушыларды марапаттауға қатысты.
Министрдің бірінші орынбасары жоғары оқу орнын аралай отырып, Академиядағы жөндеу жұмыстарын тексерді: қазіргі уақытта акт залына күрделі жөндеу жүргізілуде, цифрландыру дәуіріндегі заман талаптарға сәйкес келетін заманауи технологиялық жабдықтар орнатылуда. Оқу аудиторияларында білім беру үдерісін жетілдіру мақсатында жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Марат Шадетханұлына компьютерде «Қаздрим» компаниясының цифрлық жаңалықтары көрсетілді. Сапар аясында аудиторияларды, спорт залды, казармалық үй-жайларды материалдық-техникалық жарақтандыруды одан әрі жақсарту мәселелері талқыланды.
Полиция генерал-лейтенанты М. Қожаев төртінші курс курсанттарымен, сондай — ақ болашақ тергеуші қыздармен кездесіп, әйел тергеушілерге арналған факультатив аясында тренинг кезінде оларға барды. Болашақта олар әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеу үшін жұмыс істейтін болады.
Министрдің бірінші орынбасары Марат Қожаев-ІІМ Қарағанды Академиясының түлегі, біздің жоғарғы оқу орнын 1989 жылы бітірген. Қарағанды академиясының қабырғалары генерал-лейтенанттың курсанттық өмірі туралы ең жылы естеліктерді сақтайды. Марат Шадетханұлы спортзалға, бассейнге, кітапханаға барды, тіпті академиялық асханада курсанттармен бірге түскі ас ішті.
«Менің уақытымда курсанттық өмір қиынырақ болды, – деп бөлісті Марат Шадетханұлы, – қазір сіздер үшін барлық жағдай жасалуда. Заманауи технологиялар, тамаша құрал – жабдықтар, бай кітапхана қоры, жаңа форматтағы тренингтер-сіздерге тек оқу процесіне жауапкершілікпен қарап, Академия курсанты атағына сәйкес келіп, басшылар мен офицерлердің үмітін ақтауларыңыз керек!». Марат Қожаев курсанттарға оқуда табыс және алдағы қызметте үлкен жетістіктер тіледі.