Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудегі әйел тергеушінің рөлі
Жұма, 29 Қазан 2021
Мемлекет басшысының Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды күшейту туралы тапсырмасын орындау мақсатында Академияда «Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудегі әйел тергеушінің рөлі» тақырыбында тренинг (факультативтік сабақтар) ұйымдастырылды. Бұл сабақтар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық және әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қарсы зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеу үшін әйел тергеушілерді даярлауға бағытталған.
2021 жылғы 28 қазанында жоғарыда аталған тренинг аясында кәсіби даярлық факультеті 4-курс курсанттарының (қыздардың) «Қарағанды облысы бойынша Әйелдер Күштері Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері: Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, «Қарағанды облысы бойынша Әйелдер Күштері Альянсының» төрайымы Платонова Марина Сергеевнамен және заңды тұлғалар бірлестігі «Қарағанды облысы бойынша Әйелдер Күштері Альянсы» төрайымының орынбасары Венгрия мемлекеттік университетінің құқық докторанты Смайл Данарамен кездесуін ұйымдастырды.
Кездесу барысында курсанттарға тоғыз міндеттен тұратын «Қазақстан Республикасындағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі Әйелдер Күштері Альянсының 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы» ұсынылды. Жол картасының негізгі міндеттері: әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың барлық нысандарына қарсы күресті ұйымдастыру; әйелдер құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету; әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту; осал санаттағы әйелдердің әлеуметтік проблемаларын шешу және басқалар болып табылады.
Кездесу жемісті өтті. Кездесу барысында «Қарағанды облысы бойынша Әйелдер Күштері Альянсы» өкілдерімен туындаған сұрақтарға толық жауаптар берілді.