Эндаумент қорлары енгізілуде
Бейсенбі, 19 Қаңтар 2023
Мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру мақсатында барлық жоғары оқу орындарына эндаумент қорлары енгізілуде. Бұл университеттің түлектері-меценаттары құрған қор және ол университеттің спорттық, ғылыми және шығармашылық жобаларына материалдық қолдау көрсету мақсатында құрылады. Түлектеріміздің арқасында біз Академияның жабдықталуын жетілдіре аламыз.
Міне, бүгін Ішкі істер министрінің және түлегіміз министрдің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың бастамасымен академияның 1992 жылғы түлектері спорт кешенімізге күрес кілемін сыйға тартты.
Біздің курсанттардың жоғары деңгейдегі жарыстарда тамаша жетістіктерге қол жеткізіп жатқаны баршаңызға белгілі. Ал бүгінгі күрес кілемін сыйға тарту спортшыларымыздың жақсы дайындығына септігін тигізеді. 1992 жылғы түлектерге осындай сыйлық үшін алғыс айтамыз.
Қарағанды академиясының бай тарихында заң ғылымының дамуына және жас мамандарды тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан көптеген есімдер сақталған. Әрине біздің Академия ардагерлері ерекше алғысқа лайық.