«Кешкі күн шапағы» салтанаты: курсанттардың жаңа белесі
Среда, 9 июля 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында курсанттар үшін ерекше мәнге ие «Кешкі күн шапағы» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Бұл кештің шымылдығы курсанттардың вальсімен ашылып, болашақ офицерлердің арманы мен үмітіне толы көңіл күйге жол ашты. Бұл рәсім олардың Отан алдындағы қасиетті парызын өтеуге дайындығының символы ретінде көрініс тапты. Академия бастығының «лейтенант» арнайы атақтарын беру туралы бұйрығы салтанатты түрде жарияланып, түлектерге погондар табысталды. Бұл сәт олардың кәсіби өмірінің жаңа белесі, үлкен жауапкершіліктің бастауы болып табылады. Кеш соңында соңғы кешкі саптық тексеріс өткізіліп, курсанттар сап түзеп саптық ән шырқады. Бұл көрініс академиялық тәртіп пен рухтың бірлігін айқын көрсеткен сәт болды.