к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Киберқылмыстарды, оның ішінде интернет-алаяқтықтарды ашу мен тергеудегі жұмыстың тиімділігін арттыру

Сәрсенбі, 29 Қаңтар 2025

2025 жылғы 23-24 қаңтар аралығында ІІМ Қарағанды академиясының базасында “Киберқылмыстарды, оның ішінде интернет-алаяқтықтарды ашу мен тергеудегі жұмыстың тиімділігін арттыру” тақырыбында көшпелі семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Академияның басшылығы, сот корпусының, прокуратураның, Экономикалық тергеу қызметінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Антифрод-орталығының, ЕҚЫҰ-ның өкілдері, Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ “Kazdryeam Special Systems” IT-қоғамдастықтарының өкілдері, “ЦАРКА” және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл желісі бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Семинар-кеңесте киберқылмыстар санының өсуі және цифрлық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы жетілдіру қажеттілігі талқыланды, мамандардың біліктілігін арттыруға және озық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және Киберқауіпсіздіктің неғұрлым тиімді жүйесін құру бойынша одан әрі қадамдар белгіленді.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ