Криминалистикадағы инновациялық технологиялар
Жұма, 15 Қазан 2021
Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы 2021 жылғы 29 қазанда «Криминалистикадағы инновациялық технологиялар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференция жұмысында мынадай өзекті мәселелер талқыланады:
- жоғары технологиялар саласында жасалған қылмыстарды тергеп-тексерудің негізі ретіндегі «Forensic» цифрлық криминалистика;
- жеке тұлғаны сәйкестендірудің заманауи мүмкіндіктері: биометрия, бейнесурет, ДНҚ және т.б.;
- криминалистикалық ақпараттық жүйелерді дамыту: BLOCKCHAIN, BIG DATA, нейрондық желі;
- криминалистикалық зерттеулер: жай-күйі және даму перспективасы.
Форумға қатысу үшін мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, Түркия, Қытай, Үндістан, Ресей, ТМД-ның басқа да елдерінің мамандандырылған жоғары оқу орындарының өкілдері және ғалымдары шақырылды.
Алдағы іс-шара белгіленген проблемаларды шешудің тиімді жолдарын анықтауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.