к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Б.М. Нұрғалиевтың ғылыми мектебі

КРИМИНАЛИСТИКАНЫҢ ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІ

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары ұлттық академиясының толыққанды мүшесі Бахыт Молдатьяұлы Нұрғалиевтың ғылыми мектебі құрылып, табысты түрде дамып келеді.
Профессор Б.М. Нұрғалиевтың ғылыми криминалистикалық мектебі 2000-шы жылдардан бастап қалыптаса бастады, оның негізіне криминалистика ғылымының гносеологиялық фундаменті ретіндегі бейненің концепциясы жатқызылды.
Б.М. Нұрғалиевтың криминалистика, қылмыстық процесс және сот экспертологиясы теориясы бойынша үш жүзден астам ғылыми еңбегі, соның ішінде нөлдік емес импакт-факторымен шетелдік журналдарда он бес мақаласы (дәйексөз индексі криминалист-ғалымдар арасында ең жоғары болып табылады), сондай-ақ отыздан астам монографиялары бар. Жоғары және орта оқу орындарына арналған «Криминалистика» және «Қылмыстық процесс» курстары бойынша оқулықтардың қосалқы авторы болып табылады және ол төмендегілер бойынша редколлегия құрамына кіреді:

  1. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы» журналы «Құқық» Сериясы, Қазақстан Республикасы БжҒМ БжҒСБК;
  2. «Санкт-Петербург университетінің хабаршысы» журналы — Құқық (РФ ЖАК);
  3. «Ресей ІІМ Басқару академиясының еңбектері» журналы (РФ ЖАК).

Оның еңбектерінде криминалистиканың жалпы теориясы, криминалистиканың әдістері, жүйеленуі және тілі туралы ілім, сондай-ақ бірқатар жеке сот-криминалистикалық теориялардың негізгі ережелері әзірленген.

Үш ғылым докторын және отыздан астам заң ғылымдарының кандидаттары мен PhD докторларын дайындады. Қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң жобаларын дайындау барысына қатысты. Орталық Қазақстанда алғаш рет Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясында заң пәндері бойынша диссертациялық кеңес ашты, Қарағанды «Болашақ» университетінде докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті диссертациялық кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Қазақстан криминалистер Ассоциасының вице-президенті, Халықаралық криминалистер конгресінің мүшесі болды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясында осы мектептің өкілдері болып келесіле табылады: Арыстанбеков Марат Ақытұлы – заң ғылымдарының докторы, доцент; Шаймуханов Ахметқали Дүйсетайұлы – заң ғылымдарының докторы, профессор; Балгимбеков Даурен Укебайұлы – заң ғылымдарының кандидаты, доцент; Шакенов Ардақ Ордашұлы – заң ғылымдарының кандидаты, профессор; Шарипов Сергей Равильевич – заң ғылымдарының кандидаты; Жакулин Асылбек Бейсембекұлы – заң ғылымдарының кандидаты, доцент; Еленюк Александр Григорьевич – заң ғылымдарының кандидаты және көптеген басқа да тұлғалар.

Б.М. Нұрғалиев сондай-ақ ғылыми кездесулерге қатысады, кәсіби даярлық факультетінің білім алушылары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің магистранттары мен докторанттары, біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультеті, сондай-ақ Академияның профессорлық-оқытушы құрамы үшін өзекті тақырыптар бойынша дәрістер оқиды.

2022 жылдың 7 ақпанында Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары ұлттық академиясының толыққанды мүшесі Бахыт Молдатьяұлы Нұрғалиевтың 70 жасқа толу мерейтойына арналған «Криминалистикалық және қылмыстық-процестік ғылым: қазіргі жай-күйі және даму үрдістері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Соңғы уақытта профессор Б.М. Нұрғалиевтің ғылыми мектебі Қазақстан мен жақын шетелде ― Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстанда өткізілетін барлық ғылыми іс-шараларға қатысуда. Соның ішінде, мектеп өкілдері бірнеше рет InterPA слеттеріне қатысты.

Мектеп соңғы «бесжылдықта» ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық тақырыптар әзірледі: «Дактилоскопия: оның қылмыстарды ашудағы және тергеудегі рөлі мен маңызы»; «Трасология: оның қылмыстарды ашудағы және тергеудегі рөлі мен маңызы»; «Қазіргі заманғы жағдайларда қылмыстарды ашу мен тергеуді криминалистік қамтамасыз ету»; «Қазіргі заманғы қылмыстарды ашу мен тергеуді криминалистикалық қамтамасыз ету мәселелері».

Сонымен қатар ғылыми еңбектер жинағындағы жарияланымдардан басқа, ғылыми мектеп бірқатар оқу құралдарын дайындап шығарды: Справочник специалиста-криминалиста/ практикум по криминалистической технике / Под ред. Д. Т. Кенжетаева. — Караганда: Карагандинская академия МВД РК им. Б. Бейсенова, 2017; Маман-криминалистің анықтамалығы/ Криминалистикалық техника бойынша практикум / ред. А. Д. Дарменов. — Қарағанды: ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, 2019. – 278 б.; Дактилоскопия в вопросах и ответах/ Учебное пособие. — Караганда: Карагандинская академия МВД РК им. Б. Бейсенова, 2018. — 98 с.; Современные научно-технические средства и методы раскрытия и расследования преступлений = Қылмыстарды ашу және тергеп-тексерудегі заманауи ғылыми-техникалық құралдар мен әдістер/ Учебно-практическое пособие. — Караганда: Карагандинская Академия МВД РК им. Б. Бейсенова, 2018. — 179 с. =: Оқу-тәжірибелік құрал. — Қарағанды: ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы, 2018. — 179 б.; Трасология в вопросах и ответах/ Учебное пособие. — Караганда: Карагандинская академия МВД РК им. Б. Бейсенова, 2019. — 184 с.; Методика расследования отдельных видов преступлений: Курс лекций — Караганда: Карагандинская академия МВД РК им. Б. Бейсенова, 2021. — 303 с. и многие другие.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ