Тергеу изоляторында өткін практикалық сабақ
Сейсенбі, 12 Қараша 2024
Академиямыздың кәсіптік даярлық факультетінің 4-курс курсанттарына қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы полиция майоры А.Б. Курумбаева Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД N61 тергеу изоляторында практикалық көшпелі сабақ өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты курсанттарды адамдардың жазасын өтеу шарттарымен таныстыру, сондай-ақ түзеу мекемелерінің жұмыс істеу тәртібі туралы білімдерін тереңдету болды.
Сапар барысында курсанттар күн тәртібін байқауға және олардың күнделікті өмірінің ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік алды. Көшпелі сабаққа қатысушылар таңертеңгі және кешкі рәсімдердің қалай ұйымдастырылғанын, сондай-ақ тәрбие жұмысы қалай жүзеге асырылатынын білді.
Бұл сапар құқық қорғау органдарының болашақ қызметкерлерін дайындаудағы маңызды қадам болды, оларға практикалық тәжірибе алуға және жазаларды орындау жүйесінің жұмысын жақсы түсінуге мүмкіндік берді. Курсанттарға сұрақтар қоюға және мекеме қызметкерлерінен толық жауаптар алуға мүмкіндік берілді, бұл тақырыпты тереңірек түсінуге ықпал етті.
Мұндай көшпелі сабақтарға қатысу ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының құқық қорғау қызметінің теориясымен де, практикасымен де таныс жоғары білікті мамандар даярлауда талпынысын көрсетеді.