Әлемдегі әр жүрек соқсын.
Сейсенбі, 18 Мамыр 2021
14 мамырда Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Донор күні өтті – бұл академия курсанттары мен қызметкерлері қан тапсыру науқанына қатысатын жыл сайынғы іс-шара.
Бұл шара біздің білім ордамызда бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Жылдан жылға оған қатысқысы келетін Академияның қызметкерлері мен курсанттарының саны артуда. Полицей мамандығы қауіп-қатерге толы екенін ескерсек, полиция қызметкерлері қан өткізу арқылы бір жанға болсада қайырымдылық көмек болатынын бәрінен жақсы түсінеді.
Еске сала кетейік, донорлық күнделікті мыңдаған адамдарды құтқарады, бірақ жыл сайын қажеттілік арта түсуде. Өз еркімен, ақысыз түрде қан тапсыратын адамдар үлгі тұтуға лайық жандар, сол жандардың санын арттырып, жаңа донорларды тарту мақсатында 2021 жылы «Қан тапсыр, әлемдегі әр жүрек соқсын» деген ұранмен Дүниежүзілік қан донорлары күні құрылған болатын.
Барлық қатысушыларға осындай игі іске атсалысқандары үшін алғыс айтамыз !!!