к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Медицина қызметкерлерінің күніне арналған құттықтау

Четверг, 19 июня 2025

Елімізде маусым айының әр үшінші жексенбісі Медицина қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн – адам өмірі мен денсаулығын қорғауда аянбай еңбек ететін ақ халатты жандарға деген ерекше құрметтің белгісі болып табылады. Осы атаулы күні Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшылығы медициналық бөлім қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың еңбегіне шынайы алғысын білдірді. Медицина қызметкерлері – күн-түн демей, денсаулық күзетінде тұрған жанкешті мамандық иелері. Академия өмірінде де олардың орны ерекше: курсанттар мен қызметкерлердің саулығы мен амандығы – олардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Сіздерге зор денсаулық, еңбекте табыс, отбастарыңызға амандық тілейміз! Ақ халатқа адал, жүрегінде жылуы мол жандарға мың алғыс!

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ