Мен үшін полиция қызметі – өмірлік миссиям
Дүйсенбі, 2 Желтоқсан 2024
Академия қызметкері Шерхан Төлеуханов «Таңшолпан» бағдарламасының қонағы болды. Шерхан Иранұлы халық арасында «Рэп оқитын полицей» ретінде танымал. Рэп жанрындағы өнерін ол тек хобби ретінде қарастырады.
Оның айтуынша, полиция қызметкері болу бала кезден бергі басты арманы болған.
«Мен үшін полиция қызметі – өмірлік миссиям. Ал рэп – жан дүниемнің еркін көрінісі», – деді Шерхан Иранұлы.
Өнерлі офицердің ән қоржынында бүгінде 50-ге жуық туынды бар. Оның шығармалары қоғамда орын алған мәселелерге, патриотизмге және отбасылық құндылықтарға арналған. Әндері арқылы ол жастарды жақсы істерге, заңға бағынуға және отанға адал болуға үндейді.