Mисс KPA
Жыл сайынғы «Мисс KPA» сұлулық байқауы академияның дарынды қыз-курсанттарын анықтау және жан-жақты қолдау, олардың зияткерлік, шығармашылық, жеке әлеуетін ашу және жеке тұлғаны одан әрі үйлесімді дамыту, сондай-ақ жастардың әлеуметтік-мәдени және қайырымдылық бастамаларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Конкурстың міндеттері:
1. «Мисс KPA» тәжінің иегерінен байқаудың кең ауқымды қоғамдық идеясын жүзеге асыруға қабілетті, заманауи жастардың табысты, әдемі, ақылды, жан-жақты дамыған өкілінің нышанын жасау;
2. «Мисс KPA» байқауынан жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, эстетикалық және адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу үшін қоғамдық алаң құру;
3. Сыртқы сұлулықты, зияткерлік, спорттық, шығармашылық қабілеттер мен адамгершілік-рухани құндылықтарды үйлестіретін қазіргі заманғы жас қыз идеалының бейнесін танымал ету.
Байқау кезеңдері:
1-кезең – байқауға қатысушылардың өз өмірі туралы бейнеролик көрсетуі;
2-кезең – шығармашылық нөмір (ән, би орындау, шығармадан үзінді оқу, актерлік шеберлікті көрсету, сурет салу және т. б.);
3-кезең – интеллектуалды (жүргізушілердің сұрақтарына жауаптар);
4-кезең – дефиле (киімнің 3 стилін көрсету: классикалық, спорттық, кешкі).