к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Академия аумағында № 67 жабық сайлау учаскесі орналасқан

Жексенбі, 10 Қаңтар 2021

Қайырлы күн құрметті оқырмандар, қазақстандықтар!

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы» Конституциялық заң кәмелетке толған, әрекетке қабілетті әрбір қазақстандыққа таңдау жасаудың заңды құқығын беретінін сіздер білесіздер.

Бүгін, 2021 жылғы 10 қаңтарда, әрбір қазақстандық Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатысып, осы құқықты пайдалана алады.

Академия аумағында № 67 жабық сайлау учаскесі орналасқан. Сайлау учаскесінің жұмысы барлық санитариялық-гигиеналық шараларды міндетті түрде сақтай отырып, сайлаудың күнтізбелік жоспарына және учаскелік сайлау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қызметкерлері мен курсанттарына өз дауысын беру мүмкіндігі берілді.

Өзінің азаматтық ұстанымын көрсету – сайлауда дауыс беру-бұл әрбір қазақстандықтың өміріндегі жауапты және маңызды оқиға.

Академияның бірінші курс курсанты Қаныбеков Рахат дәл осындай сезімге бөленді. 2021 жылғы 10 қаңтар  Рахаттың 18 жасқа толуымен тұспа-тұс келді. Қуаныш пен мақтаныш сезімімен ол өзінің туған күнінде өзінің азаматтық ұстанымын көрсету үшін сайлау учаскесіне келді.

Дауыс беру алдында Академия бастығы, полиция полковнигі А.Дәрменов Рахатты салтанатты түрде құттықтап, оған сайлауда дауыс беру құқығына ие болу құрметіне символикалық сыйлық табыс етті.

Өз кезегінде Рахат «Менің кәмелетке толған күнім дауысымды бере алатын және еліміздің дамуына үлес қоса алатын сайлаумен тұспа-тұс келгеніне өте қуаныштымын. Біз сайлаған дана және лайықты азаматтар Мәжілісте Қазақстан халқының мүддесін қорғайды деп сенемін. Жерлестерімді сайлау учаскесіне келіп, лайықты кандидатқа дауыс беруге шақырамын.»-деді.

Құрметті достар! Өз құқығыңызды пайдаланыңыз! Сайлауға асығыңыз! Сіздің дауысыңыз өте маңызды! Сақтық шараларын сақтауды ұмытпаңыз және жылы киініңіз!

P.S. сағат 9:00-де Қарағанды академиясының сайлау учаскесінде учаске сайлаушыларының 55% – ы дауыс берді.

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ