Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі сервистік модельді іске асыру
Дүйсенбі, 26 Желтоқсан 2022
Академия ҒЗИ ғылыми қызметкері Сағынған Молбасин Түркістан облысы ПД басшылығының шақыруымен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілдерді масштабтау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде өткізілген «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі сервистік модельді іске асыру» форумына қатысты.
Форумға Түркістан облысының әкімі Д.А. Сатыбалды, облыстық ПД бастығы полиция генерал-майоры М.Т. Қабденов, аймақ жұртшылығы және облыс ПД жеке құрамы қатысты.
Аталған форум аясында Сағынған Молбасин облыстық ПД жеке құрамына полицияның сервистік моделі бойынша тренинг өткізді.