Оқу нысаны бойынша 5 курс білім алушыларына кәсіптік практикадан өту бойынша нұсқама өткізді
Пятница, 28 октября 2022
Қылмыстық процесс кафедрасы кәсіптік даярлау факультетімен бірлесіп сырттай оқу нысаны бойынша 5 курс білім алушыларына кәсіптік практикадан өту бойынша нұсқама өткізді.
Оқу жоспарына сәйкес білім алушылар 31.10.2022 жылдан 07.01.2023 жылға дейін тергеу бөлімшелерінде кәсіби тәжірибеден өтеді. Содан кейін олар тәжірибелерін қорғап, мемлекеттік емтихандарды тапсыруы керек.



