Оқыту үшін сервистік полиция бойынша базалық бағдарламаны әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде
Бейсенбі, 10 Қараша 2022
Ел Президенті Қ. Тоқаевтың полицияның сервистік моделіне көшу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен ІІО қызметкерлерін оқыту үшін сервистік полиция бойынша базалық бағдарламаны әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
ІІМ және Қазақстандағы БҰҰ ДБ аталмыш бағдарлама жобасын талқылау мақсатында а. ж. 7-9 қараша аралығында ведомстволық ЖОО-ларының профессорлық-оқытушылық құрамы үшін тренинг ұйымдастырды. Оған Академиямыздың қылмыстық құқық және криминология кафедрасының бастығы Гүлнар Мухамадиева, жалпы құқықтық пәндер кафедрасы бастығының орынбасары Талғат Салкебаев, аталған кафедраның аға оқытушысы Айгерім Беккожина және ҒЗИ қылмыстық саясат және қылмыстың алдын алу мәселелерін зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Сағынған Молбасин қатысты.
Тренинг барысында бағдарламаның құрылымы мен мазмұны талқыланды.