к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Отбасындағы зорлық, мал ұрлығы, алаяқтық, есірткі мен жалған нөмірлер: ІІМ-де қылмыспен күрес жолдары айтылды

Жұма, 15 Шілде 2022

Ішкі істер министрлігінде алты айдың жұмысы қорытындыланған алқа отырысы өтті. Алғаш рет ашық форматта ұйымдастырылған шараға ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары Қанат Сейдғапбаров, ҚР Президенті Әкімшілігінің қауіпсіздік және құқық тәртібін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди, ҚР Бас прокурорының міндетін атқарушы Тимур Тәшімбаев және ведомствоның қоғамдық кеңес мүшелері, қызмет басшылары қатысты.

Сондай-ақ аймақтық құрылымдардың және министрлікке қарасты оқу орындарының қызметкерлері, облыс әкімдерінің орынбасарлары мен өңірлік прокуратура өкілдері онлайн қосылды.

“Полицияға құқық бұзушылықтың профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес бойынша тікелей міндеттер жүктелген. Елімізде тіркелген барлық қылмыстың 96%-ын тергейді. Әкімшілік құқық бұзушылықтың 97%-ның жолын кеседі. Бірақ министрліктің қызметі тек осы салалармен ғана шектелмейді”, – деді министр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі істер органдарына жүктеген тапсырмаларына тоқтаған Марат Ахметжанов елдегі қылмыстық ахуал туралы да айтты. Өткен жылмен салыстырғанда биыл алты айда қарақшылық 25%-ға, зорлау 11%-ға, бопсалау 12%-ға, мал ұрлығы 23%-ға азайған. Есесіне ұрлық пен тонау көбейген, деді министр. Оған “қаңтар оқиғасының” әсері де бар. Ұрлықтың ең жоғары деңгейі Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында.

Марат Ахметжанов мал ұрлығына да тоқталды. Бұл – Президент назар аударған, ауыл халқы үшін өзекті мәселе.

“Жыл басынан бері Алматы облысында 800-ден астам, Ақмола мен Жамбыл облыстарында 500-ден астам, ал Түркістан облысында 400-ге жуық мал ұрланған. Тек Павлодар облысында ғана биыл мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Олар Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан 170-ке жуық ірі қара мал ұрлап, ауыл адамдарына миллиондаған шығын келтірген”, – деді Марат Ахметжанов.

Қолды болған малдың 70%-ы қараусыз қалған. Бұл – жол қозғалысына қауіп, қылмыскер үшін оңай олжа. Сондықтан жергілікті әкімдіктермен учаскелік полицейлер тығыз жұмыс істеуі керек, деді Марат Ахметжанов.

“Қазір бейнебайланыс арқылы облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысып отыр. Сіздерге айтарым! Бұл мәселеде ортақ жауапкершілік болу керек. Өңірде болып жатқан барлық мәселелер сіздерге де қатысты. Мал ұрлығынан зардап шегіп жатқан сіздердің өңірдегі тұрғындар! Азаматтардың қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасау керек. Жұмыс тек қылмыстардың салдарымен күресумен шектелмеу керек”, – деп атап өтті министр.

Министрлік есірткі қылмысымен күресте де ауқымды жұмыстар атқаруда. Биыл 3,5 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды. Үш тоннадан астам есірткі тәркіленді. 84 келісі “синтетика”. 21 есірткі зертханасы жойылып, үш ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қылмыспен күресіп қана қоймай, қауіпсіздікке жауапты екенін баса айтқан болатын. Тәртіп сақшысы халыққа жақын, ісіне адал болуы керек. Осы орайда Президент келісімімен Ішкі істер министрлігі қоғамдық қауіпсіздікті қоғам өкілдерімен бірге қамтамасыз ету тұжырымдамасын қолға алды. Ол озық тәжірибеге негізделген. Халық сұранысына сай шетелдік әдістер де ескеріледі. Концепция уәкілетті органдар арасында байланысты арттыру, заң бұзушылықты жойып, сервисті жұмысты күшейтуді көздейді. Негізгі бағыт – құқық бұзушылықтың тиімді профилактикасы.

Жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық туралы 70 мың хабарлама түсті. 43 мың жағдайда шақырушы арыз беруден бас тартқан. Бірі жәбірлеушісімен татуласса, енді бірі қайталанатын қоқан лоққыдан қорқады. Бұл жерде тәртіп сақшысының өкілеттігі шектеулі. Арыз болмаса, заң бұзушы жауапқа тартылмайды. Сондықтан қоғамда тұрмыста зомбылық көрсеткендерді қылмыстық жауапқа тарту керек деген ұсыныс та көбейді.

Министр тұрмыстық қылмысқа қатысты заңнамаға түзету енгізіп, әкімшілік қамауға алу мерзімін ұлғайтып, ескерту орнына қоғамдық жұмысқа тарту керектігін айтты. Арыз қабылданған соң тараптарға татуласуға бір ғана мүмкіндік беріледі, онда да сот алдында. Бұл түзетулер әбден пысықталып, мемлекеттік органдардың қарауына жіберілді.

Алқа отырысында жол ережесін бұзғандарды анықтайтын “Қорғау” бағдарламасының жұмыс қорытындысы жарияланды. “Қорғау” қосымшасы еліміздің бес қаласында іске қосылған. Оның көмегімен Шымкентте 130 миллион теңгеге айыппұл салынған 1400 көлік анықталды. Нәтижесінде жол бойындағы апат пен өлім үш есе, жарақат алу жағдайлары екі жарым есе азайды.

Сондай-ақ “Қорғау” бағдарламасы арқылы “жалған” нөмір пайдаланған 266 жүргізуші ұсталды. Жол ережесін бұзып, жауаптан қашатындар жалған нөмірді тағуды жиілеткен. Ішкі істер министрлігі олардың жазасын күшейту үшін бір жыл жүргізуші құқығынан айырып, бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды ұсынды.

Ашық форматта өткен алқалы жиында министр ішкі істер органдарын цифрландыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес, сондай-ақ елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарына да тоқталды. Өңірдегі полиция департаменттерінің басшыларына көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, негізгі міндеттерді еске салды. Басты талап – ашықтық пен халыққа жақын болу.

ІІМ-де қылмыспен күрес жолдары айтылды

https://youtu.be/mfQQ9F32IAs

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ