Полиция капитаны Ғазиз Байтасов қаза тапты
Сейсенбі, 12 Қараша 2024
Осыдан тура 13 жыл бұрын 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында террорлық акт салдарынан полиция капитаны Ғазиз Байтасов қаза тапты. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен оған қайтыс болғаннан кейін Халық Қаһарманы атағы берілді. Оның есімі азаматтарды құтқару жолында, бейбітшілік пен тыныштық үшін өз өмірін құрбан еткендердің қатарында жазулы тұр.