Профессор Қоғамовтың ғылыми мектебі
Сейсенбі, 5 Қазан 2021
Қазақстан Республикасы ІІМ қоғамдық кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор М. Ш. Қоғамовтың ғылыми мектебінің жұмысы аясында біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің тыңдаушыларына дәріс өткізілді. Марат Чекишевич өз сөзінде үш буынды модельді енгізгеннен кейін қылмыстық процесте болған өзгерістер туралы айтып берді. Сондай-ақ, дәріскер Қазақстан Республикасының тергеу бөлімшелерінің даму перспективаларын белгіледі.
Дәріс соңында қатысушылар қылмыстық процесті реформалау қажеттілігі және үш буынды модельді енгізудің өзектілігі туралы келісті. Академияда профессорлық-оқытушылық құрамның, ғылыми орта өкілдері мен практиктердің өзара іс-әрекеттері жиі іске асырылады.