Қан тапсыру акциясы: өмірді сақтауға үлес қосу
Четверг, 19 июня 2025

🔷Қан – өмірдің қайнар көзі. Осы маңызды күн аясында Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қызметкерлері мен курсанттары игі іске белсене қатысып, ерікті түрде қан тапсырды. Бұл әрекет тек азаматтық борышты орындау ғана емес, сонымен қатар адам өмірін сақтап қалуға бағытталған асыл қадам болып табылады. Донор болу – жанашырлықтың, батылдық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Қан тапсыру арқылы олар бір емес, бірнеше адамның өміріне үміт сыйлады. Өмір сыйлаудан асқан миссия жоқ екені анық.