Қарағанды академиясында егіз курсанттардың ерекше кездесуі өтті
Четверг, 19 июня 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының алаңында ерекше әрі жүрек тебірентер сәт орын алды. Үшінші курста оқитын егіз курсанттар өздерінен бір жас үлкен егіз түлектерге саптық сәлем беріп, құшақ жая қауышты. Бұл оқиға тек салтанатты рәсім ғана емес, сонымен қатар бауырлық пен абыройдың, сабақтастық пен сертке адалдықтың көрінісі болып табылады. Егіздердің көзіндегі мақтаныш пен алғыс сезімі академиялық рухтың шынайы айғағы ретінде көрініс тапты. Бұл ерекше кездесу академияның дәстүрлерін сақтауға және нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.