Қарағанды академиясында киберволонтерлер жарысы өтті
Среда, 9 июля 2025

2025 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында Полиция күні мен Қаржылық қауіпсіздік күніне орай «Интернет – заң аумағы» атты киберволонтерлер арасындағы жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараға ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері, Қарағанды академиясының басшылығы, Қарағанды облысы ПД Киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері, киберволонтерлер және өңірдегі қоғамдық бірлестіктер қатысты. Негізгі назар жалған банк, мемлекеттік және инвестициялық аккаунттарды анықтауға, сондай-ақ цифрлық сауаттылықты арттыру мен киберкеңістікте құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған тәжірибелік тапсырмаларды шешуге аударылды. Қатысушылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.