Қарағанды академиясында курсанттарға арнайы атақ табысталды
Среда, 9 июля 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Полиция күнін мерекелеу аясында оқу-саптық бөлінісінің бастығы, полиция подполковнигі Н.Т. Жаныбеков бірінші курс курсанттарының командирлік құрамына «полиция кіші сержанты» арнайы атағын беру рәсімін өткізді. Салтанатты шарада ол жас сержанттарды шын жүректен құттықтап, бұл атақтың олардың тәртіптілігі мен үлгілі қызметіне берілген жоғары баға екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ол курсанттарға алдағы оқуында табыс, қызмет жолында табандылық пен абырой тіледі. Арнайы атақ – болашақ офицерлер үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Бұл сәт – курсанттар үшін маңызды белес пен жаңа міндеттерге бастар жол.