Қарағанды академиясында «Ұлы дала құқығы» аудиториясы ашылды
Среда, 9 июля 2025

23 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісіндегі «Заң мен тәртіп» қағидатын жаппай дәріптеуіміз керек деген тапсырмасына сәйкес «Ұлы дала құқығы» аудиториясы ашылды. Бұл аудиторияның мақсаты – қазақтың дәстүрлі құқықтық жүйесінің құндылықтарын, тарихи әділет пен заңдылық ұстанымдарын қазіргі заманның «Заң мен тәртіп» идеологиясымен ұштастырып, болашақ мамандардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Аудитория қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан құқықтық санасы мен дәстүрлі билік жүйесін танытатын ерекше алаң ретінде қызмет етеді. Мұнда Түрік қағанатынан бастап Шыңғыс ханның «Ұлы Жасағы», Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті Жарғысы», Абайдың «Қарамола ережесі», Алаштың «Қазақ елінің алғашқы Уставы», ең алғашқы Қазақ КСР Конституциясы, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның Ата заңы туралы құнды деректер көрсетілген. «Ұлы дала құқығы» аудиториясы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры С.Ә. Адиловтың қолдауымен ашылды. Сонымен қатар, Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рашад Бағдатұлы Утеуовке, Ұлытау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Алмаз Тұрсынұлы Саламатовқа, «Kazdream Special Systems» ЖШС-нің бас директоры Думан Бекболатұлы Сембаевқа, аталмыш мекеменің коммерциялық директоры Уаис Әбубәкірұлы Ерекешке, ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментінің орынбасары, полиция полковнигі Сергей Александрович Стихеевке, департаменттің бас криминалисі, полиция подполковнигі Роллан Батырханұлы Молдыбаевқа алғыс білдіреміз.