к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Қарағанды академиясының өкілі Әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Среда, 9 июля 2025

2025 жылғы 30 мамыр мен 1 маусым аралығында Түркияның Бурса қаласында қоян-қолтық ұрыстан Әлем чемпионаты өтті. Бұл беделді жарысқа 32 елден 300-ден астам спортшы қатысты. +95 кг салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жедел-іздестіру қызметі кафедрасының бастығы, полиция полковнигі Мұрат Исмагамбетов қола жүлдеге ие болды. Мұрат Әшкенұлы тек спортшы ғана емес, сонымен қатар кәсіби жеке бапкер ретінде де танымал. Оның шәкірті, академиямыздың түлегі, қазіргі таңда Астана қаласы Полиция департаментінің Жедел қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Ахметова Данара осы чемпионатта Әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл жетістіктер Қазақстан полициясы қызметкерлерінің спорттағы табандылығы мен жоғары нәтижелерінің айқын көрінісі болып табылады.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ