Қазақстан Республикасы ІІМ академияларының әйел-оқытушыларының психологиялық қолдау көрсету және эмоционалдық интеллектті дамыту жөніндегі әлеуетін арттыру
Жұма, 24 Қаңтар 2025
Ағымдағы жылдың 21-23 қаңтар аралығында Академия қызметкерлері БОМКА 10 бағдарламасының 4 компоненті шеңберінде ұйымдастырылған “Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы және Қарағанды академияларының әйел-оқытушыларының психологиялық қолдау көрсету және эмоционалдық интеллектті дамыту жөніндегі әлеуетін арттыру” тренингіне қатысты.
Тренинг барысында келесі мәселелер талқыланды: эмоционалды интеллект теориясы; жәбірленушілермен сұхбаттың негізгі кезеңдері; құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұртшылықпен және БАҚ-пен жұмыс істеудегі рөлі; тергеу кезінде этикалық нормаларды сақтау және құпиялылық; гендерлік зорлық-зомбылық құрбандарымен өзара іс-қимыл тактикасы; қоғамдық кеңістіктегі және БАҚ-тағы гендерлік зорлық-зомбылық тақырыбындағы кейстер талқыланды.
Тренингтің нәтижелері бойынша Академия қызметкерлері оқу процесінде қолданылатын оқыту бағдарламаларын әзірлеп, ұсынды.