“Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару құқығы” практикалық сабақтар
Бейсенбі, 14 Қараша 2024
Академиямыздың басшылығы атынан 4-курс студенттеріне арналған “Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару құқығы” пәні бойынша практикалық сабақтардың ұйымдастырылуында көрсеткен жемісті ынтымақтастығымыз үшін шын жүректен Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД N61 тергеу изоляторының қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.
Келесі қызметкерлерді ерекше атап өткіміз келеді:
- оқу процесін ұйымдастыруға белсенді қатысқаны және кәсіби шеберлігі үшін Арнайы контингент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы әділет капитаны Төлеген Анейханұлы;
- сабақтарды дайындауға және өткізуге қосқан құнды үлесі үшін Теологиялық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі топ инспекторы әділет аға лейтенанты Айдын Бөгенбайұлы Тоқбергенов;
- оқытудың практикалық бөлігіндегі қолдауы мен көмегі үшін Режим және күзет бөлімі тексеру тобының жедел уәкілі әділет капитаны Сымақ Азамат Манапұлы;
- курсанттармен жұмыс істегенде өз тәжірибесімен бөлісіп, олардың кәсіби дамуына қосқан үлесі үшін Оқу процесі және ұйымдастыруға бақылаушы әділет старшинасы Әсел Айтбайқызы Жамбаева;
- жұмысты ұйымдастырып, үйлестіріп, сабақтардың сәтті өтуіне мүмкіндік туғызғаны үшін N61 мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Есімжан Аринұлы.
Сіздің ынтымақтастығыңыз бен кәсібилігіңіз курсанттарымыздың сапалы білім алуына септігін тигізді, бұл олардың ішкі істер органдарында болашақтағы қызметіне оң ықпал ететіні сөзсіз.
Біз алдағы уақытта да осындай жемісті ынтымақтастыққа үміт артып, сіздерге кәсіби қызметіңізде табыс, мол жетістіктер тілейміз!