«Қаздрим» IT-холдингінің қызметкерлерімен кездесу
Жұма, 17 Қаңтар 2025
2025 жылғы 16-17 қаңтар аралығында киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасы «Қаздрим» IT-холдингінің қызметкерлерімен бірлесіп Академия қызметкерлеріне арналған бірқатар оқу сабақтарын ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі тақырыбы цифрлық дәлелдемелерді өңдеуге және талдауға байланысты мәселелер болды. Сабақтар барысында қатысушылар цифрлық дәлелдемелермен жұмыс істеудің негізгі әдістемелерін, соның ішінде оларды қылмыстық процесс шеңберінде сәйкестендіруді, алуды, сақтауды және ұсынуды үйренді. Цифрлық криминалистика саласындағы өзекті техникалық және құқықтық аспектілер, сондай-ақ қазіргі заманғы халықаралық стандарттар қаралды.