Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету мәселелері
Вторник, 24 июня 2025

2025 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметтік даярлық сабағы өтті. Бұл сабақта жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Әбілқас П.Қ. «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды. Сабақтың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң үстемдігі мен құқықтық тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы негізінде әзірленген және Қазақстан Республикасы Үкіметі 2025 жылғы 1 сәуірде бекіткен «2025–2030 жылдарға арналған қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасының» мазмұнын түсіндіру болды.