Құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған ашық есік күні
Среда, 9 июля 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қызметкерлері бүгін «Әділдік жолы» жобасы аясында «Баршамыз зорлыққа қарсымыз» атты ашық есік күнін ұйымдастырды. Бұл іс-шарада тұрғындарға қылмыстық, отбасылық және әкімшілік құқық салалары бойынша құқықтық кеңес берілді. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары жан-жақты түсіндірілді. Академияның бұл бастамасы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және әлеуметтік жауапкершілікті күшейтуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.