Қылмыстық құқықбұзушылықтарды саралау мәселелері бойынша дәріс
Среда, 9 июля 2025

2025 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының бастығы, полиция полковнигі Г.Ж. Мухамадиева Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Мартбек Мамраев атындағы №52859 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Қылмыстық құқықбұзушылықтарды саралаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтарды саралаудың ерекшеліктері, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен цифрлық платформаларды пайдалану арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтарға құқықтық баға беру және ол үшін көзделген қылмыстық жауаптылық мәселелері жан-жақты қарастырылды. Құқықбұзушылықтардың қылмыстық-құқықтық аспектілері, олардың туындау себептері мен алғышарттары, сондай-ақ алдын алу шаралары ерекше назарда болды. Әскери қызметшілер көтерілген мәселелерге үлкен қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойып, тәжірибелік мысалдар келтірді. Сонымен қатар, олар өздерінің жеке басы мен мүліктерін қорғауға арналған құқықтық механизмдерді тереңірек зерттеуге ниет білдірді. Мұндай дәрістер жеке құрам арасында құқықтық сананы арттыруға, сондай-ақ тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтуға зор ықпал етеді.






