ҚР ІІМ Қарағанды академиясында 2022 жылдың өткен алты айының қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті.
Сенбі, 21 Қаңтар 2023
ҚР ІІМ Қарағанды академиясында 2022 жылдың өткен алты айының қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті.
Академия бастығы Ақынқали Дәрменов басшылық ұжымның назарына ІІМ кеңейтілген алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша «ІІБ-нің 2022 жылға арналған жедел қызметінің қорытындылары және бірінші кезектегі міндеттер туралы» ақпаратты жеткізді.
Жиында академиядағы тәрбие, психологиялық, кадрлық және медициналық жұмыстардың есептері тыңдалды. Академиядан шығарылған курсанттардан бюджет қаражатын өндіру мәселелері де қаралды.
Басшы азаматтардың өтініштерін қарау және оларды жеке қабылдау мәселесіне аса назар аударды.
Басшылар алдағы жартыжылдықта курсанттардың үлгерімін арттыру, Бәрімбек Бейсеновтің 100 жылдығы аясында жүргізілетін тәрбие жұмыстары мен идеологиялық іс-шараларды тиімді өткізу сияқты бірқатар міндеттер қойды.