Референдум бойынша түсіндірме жұмыстары
Сейсенбі, 31 Мамыр 2022
28 мамырда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Сәлкебаев және аға оқытушы, полиция подполковнигі Қайыржан Дүйсенов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімі қызметкерлерімен Конституцияға толықтырулар мен түзетулерді түсіндіру мақсатында 5 маусымда өтетін республикалық референдумда халықтың дауыс беру жайлы ақпараттық-түсіндіру шараларына қатысты.
Референдум тікелей демократияның маңызды институты болып табылады және мемлекет пен әрбір азамат үшін маңызды шешімдер қабылдауға халықтың тікелей қатысуын білдіреді.
Жиын соңында баяндамашылар республикалық референдумдағы дауыс беруге қатысу және әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымы еліміздің болашақта қандай жолмен жүретініне байланысты екенін атап өтті.