Ренат Бектұровпен «Адалдық сағаты»
Бейсенбі, 1 Қазан 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа форматтағы «Адалдық сағатын» өткізді.
Бәрімізге белгілі, «Адалдық сағаты» акциясының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыружәне адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту.
Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында КДФ-нің 1-курс курсанттарына «Адалдық сағаты» аясында Astana International Exchange Басқару мүшесі – Ренат Бектуровтың бейне дәрісі көрсетілді.
Бұл «Адалдық сағаты» қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға – Ренат Бектұровты танытқанымен ерекшеленді.
Р.Бектұров өз сөзінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып, «Парасаттылық деген талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым сияқты адами қасиеттердің жиынтығы», – деді.
Бейне-дәріс барысында көрермендер сәттіліктің кепілі не екенін және зияткерлік ұлтты қандай қасиеттерді анықтайтынын білді.
Сондай-ақ жастарды табанды еңбек етуге, тұлғалық дамуға және патриот болуға шақырды. Оның пікірінше, жетістіктің құпия тұздығы – сәттілік, бірақ негізгі құрамдас бөлігі – еңбек. Ол өзінің жеке өмірі мен мансабында жетістікке жетуге мүмкіндік берген әділеттілік пен адалдық сияқты өмірлік құндылықтарымен бөлісті.
Осылайша, Ренат Бектұров академия курсанттары үшін заманауи және табысты жас көшбасшының жарқын мысалы болды.