Сақ дәуірінің жауһарлары және ұрпақ сабақтастығы
Сәрсенбі, 20 Қазан 2021
«Birgemiz: Asyl Mura» тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау бойынша жалпыұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында еріктілер археолог, PhD докторант, ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері Дүйсенбай Данияр Болатбекұлының «Сақ дәуірінің жауһарлары» және этноархеолог, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Шашенов Дархан Тастемірұлының «Талды тарихи-археологиялық паркі» атты ғылыми-танымдық лекциясы өтті. Іс-шараны өткізуде аталмыш ұжымның қызметкерлері – идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Нұрбеков Аят Мұратханұлы және Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының аға оқытушысы Мая Сураганқызының қолдауымен өткізілді. Іс-шара аясында ҚА КПД және ІІО басқару кафедрасының оқытушысы, полиция майоры, 101 взвод кураторы А.Б.Кожасованың да еңбегін атап өткен жөн.
Шараның мақсаты – Қарағанды облысы аумағындағы тарихи-мәдени мұра нысандарын және тарихи жәдігерлерді курсанттарға таныстыру, ұлттық патриоттық тәрбие беруді іске асыратын тарихи ескерткіштердің құндылығын қалыптастыратын, тарихи мұраны кеңінен тарату.
Шараның міндеті – тарихи тұрғыда қайта қалпына келтірілген археологиялық нысандардың мән-маңызын арттыру, тарихи туризм бағытын жастар арасында насихаттау.
Лекция барысында сақ дәуірінің қоныстары қандай? Олардың еңбек құралдары неден жасалды? Тұрмыстық шаруашылығы мен еңбек бөліністері қандай бағытта? деген бірқатар өзекті мәселелер айтылды. Курсанттар «аң стилін» жасап шығарған сақ тайпаларының қоғамдық ерекшеліктері, дүниетанымы мен діни ойлау жүйесі, сонымен қатар қазақтармен байланысы қандай болды? деген сұрақтар қойып, құнды мәліметтер алды. Лекция соңында курсанттар сақ қоныстарынан табылған тас құралдары мен қыш ыдыстары, жебе ұштары тәрізді тарихи жәдігерлерді көзбен көріп, қолмен ұстап, көне заман жәдігерлерін тамашалады.
Тарихы терең халықтың бекемі берік жас буыны қалыптаспақ. Көне заманға ғылыми саяхат курсанттардың көңілінен шыға алды