Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сервистік бағытқа көшу!
Жексенбі, 13 Желтоқсан 2020
08-10 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының полиция реформасын қолдау жөніндегі жоба шеңберінде, мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында іске асырылып жатқан Еуропадағы қаупісіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарламалар кеңсесі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп үш күндік семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренинг 2 мақсатты аудиторияға бағытталған: Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы және Қарағанды облысы ПД ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары.
Қарағанды академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы үшін тренинг «Полиция қызметінің заманауи аспектілері – қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілдер» тақырыбында, Қарағанды облысы ПД ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары үшін «Учаскелік полиция инспекторларының жұмысына арналған Қағидалар негізіндегі жұмыс алгоритмдері бойынша тренинг» тақырыбында өткізілді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары мен спикерлері – ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарламалар кеңсесінің сарапшы-консультанты Хисамутдинова Э.Р., ҚР ІІМ Кадр саясаты департаментінің Басқарма бастығы, полиция подполковнигі Адалиев Н. К., сондай-ақ Кадр саясаты департаментінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Айжанов С. А. болды.
Семинар-тренингке жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің білім алушылары мен Академия қызметкерлері және Қарағанды облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты тренингке қатысушыларды полиция қызметіндегі деректермен жұмыс істеудегі заманауи әлемдік сервистік тәсілдерге үйрету, сондай-ақ 2019-2021 жылдарға арналған ІІО жаңғырту аясында заңнамадағы және полиция қызметіндегі өзгерістер туралы хабардар ету болып табылады.
Мұндай іс-шара Академия қабырғасында алғаш рет өткізіліп отырған жоқ. Барлық ұсынылған материалдар Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен учаскелік полиция инспекторларының күнделікті кәсіби қызметінде әрдайым белсенді қолданылады және пайдаланылатын болады.