к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

«Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» тақырыбында адалдық сағаты

Жұма, 22 Қаңтар 2021

«Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» тақырыбында адалдық сағаты өтті

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің магистранттары, КДФ сырттай оқу бөлімінде оқитын білімалушылары, сондай-ақ 4 курс курсанттары үшін «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.

Ұлтымыздың көрнекті өкілдерінің бірі, дала ойшылы атанған философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Абай негізін салған жаңа сипаттағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі.

Шәкәрім жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Ол адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді ерекше жырлады. Қазақ қауымына адал еңбек етіп, бойына білім нұрын сіңіріп, сол арқылы биік жетістікке жетсін деген ой тастайды.

Онлайн-дәріс барысында жастар ақынның адами құндылықтар туралы философиялық ойларымен танысты.

Ақын «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, ғибадат пен адалдық ар үшін жи»,– деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, парасатты тұлға болып қалыптасу үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуы керектігін ашып көрсеткен.

Шәкәрімнің асыл ойлары адалдық, әділдік, ынсап, әділет, мейірім сияқты асыл қасиеттерді кірлетпеуге негізделген.

Ақын жастарға білімдіден ғибрат алуға, ақылмен ойлап іс қылуға, «құлқынның құлы болмай», «адамдық борыш – ар үшін қызмет ет»,–деп өсиет еткен.

Шәкәрім өсиеті қазіргі өркениетті заманда да өз құндылығын жоймады, олбарша адамзаттың жан дүниесінің айнасы болуы қажет.

Академия магистранттары мен курсанттары Ұлы Шәкәрімнің философиясын қызығушылықпен талқылап, өткен ғасырда жазылған сөздер бүгінгі күнге дейін қоғам үшін өзектілігін жоғалтқан жоқ деген басты ойды жеткізді. Бір кездері ойшыл насихаттаған құндылықтар да біздің қоғам үшін маңызды мұраттар деп сенімді түрде айта аламыз.

Ал ішкі істер органдары жүйесін реформалау және жоғары адамгершілік, қарапайымдылық пен әділдігімен жаңа нысандағы полицейдің бейнесі – Шәкәрімнің философиясы бойынша ұмтылуға жатытын адамның прототипі.

Замандас жастардың міндеті – дала ойшылының жырлап өткен ар, борыш, адалдық сындық қасиеттерін бойында қалыптастыра білуі.

Бейне-дәріске сілтеме:

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ