Сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізудің жаңа құрылымы
Дүйсенбі, 28 Ақпан 2022
25 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының біліктілікті арттыру факультетінің ұжымы заң ғылымдарының докторы, профессор М.Ч.Коғамовпен бейне семинар ұйымдастырды. Талқылау тақырыбы – сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізудің жаңа құрылымы: алғышарттары мен болашағы.
Марат Чекішұлы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында туындайтын мәселелерді, оларды шешу жолдарын, сондай-ақ өзара іс-қимылдың одан әрі тәртібін түсіндірді.
Семинардың мақсаты – білім алушылардың қылмыстық істер бойынша қылмыстық процестің үш деңгейлі моделі аясында тергеушінің негізгі шешімдерін қабылдауда білім, біліктілік және дағдылар жүйесін дамыту.