Кіші командирлер кеңесі
Кіші командирлер кеңесі – бұл курстардағы оқу-тәрбие жұмысын жандандыру үшін барлық оқу-саптық бөлімшелердің үйлестірілген және мақсатты қызметіне негізделген қоғамдық ұйым.
Кіші командирлер кеңесі ішкі істер органдарының қызметін регламенттейтін нұсқауларды, нормативтік құжаттарды негізге ала отырып, ауыспалы құраммен саяси-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қатысады, сондай-ақ курсанттардың үлгерімін арттыруға және олардың ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуына бағытталған жұмысты ұйымдастырады және іске асырады.
Кеңестің қызметі келесі мәселелерді қараумен байланысты:
1. жеке құрамның заңдылықты, қызметтік-әскери және оқу тәртібін мүлтіксіз сақтауын қамтамасыз ету;
2. жеке құрамның ішкі күн тәртібі қағидаларын орындауы;
3. оқу топтарындағы моральдық және психологиялық ахуалдың жай-күйі;
4. тұрмыстық, қызметтік үй-жайларды және курсқа бекітілген аумақты тиісінше күтіп-ұстау.
Осы ұйымның құрамы оқу-саптық бөліністердің кіші командирлерінің жалпы жиналысында ашық дауыс беру жолымен әр курстан 7 адамнан 1 оқу жылы мерзіміне сайланады.