к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл алгоритмі таныстырылды

Среда, 9 июля 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау және ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында арнайы іс-шаралар өткізілді. Бұл шаралар «Заң мен тәртіп» айлығы аясында ұйымдастырылып, ішкі істер органдары қызметкерлеріне пара беру әрекеттері кезінде қолданылатын іс-қимыл алгоритмі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, «Ішкі істер органдары қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылық» тақырыбында дәріс оқылды. Алгоритмнің мақсаты — арандатушылықтарға жол бермеу, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңдылықты қамтамасыз ету. Ақпараттық инфографикалар арнайы стендтерде, кезекші бөлімдерде, саптық бөліністердің қызметтік үй-жайларында, қару-жарақ бөлмелерінде және қызметтік даярлық бойынша нұсқамалар мен сабақтарға арналған үй-жайларда орналастырылды.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ